23.04.2026, 13:00
Оқылды: 12

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның жоғары өкілдер тобымен кездесті

Президент осындай салмақты делегацияның келуі Орталық Азия мен одан тысқары жерлердегі экологиялық мәселелердің шешімін табудағы БҰҰ-ның рөлін талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті, - деп жазады akorda.kz

5427270093302862459

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның Өңірлік экологиялық саммит пен жиынның күн тәртібін әзірлеуге қосқан үлесін жоғары бағалады. 🟦

Мемлекет басшысы геосаяси тұрақсыздық белең алған шақта климат өзгерісі, қоршаған ортаның нашарлауы және су ресурстарының тапшылығы секілді қазіргі сын-қатерлерге қарсы іс-қимылды үйлестіру өте өзекті екеніне тоқталды.
– Қазақстанның тиімді әрі көпжақты дипломатияны қолдайтынын жақсы білесіздер. Қарабайыр күш халықаралық құқыққа үстемдік етіп отырған, геосаяси ахуал ушыға түскен құбылмалы кезеңде сіздермен жолығып отырмыз. Кеше осы күрделі мәселелер жөнінде егжей-тегжейлі баяндадым. Халықаралық қоғамдастық мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да көпжақты құрылымдар шеңберінде бірлесе шешуі керек, – деді Мемлекет басшысы.🟦

Президент жаһандық мәселелерді шешуде мемлекеттердің күш-жігерін жұмылдыра алатын БҰҰ-ның әмбебап халықаралық платформа ретіндегі баламасыз рөліне назар аударды. Осы орайда Ұйымның тиімділігі мен беделін көтеруге арналған Бас хатшының UN80 бағдарламасын қолдайтынын тағы да атап өтті.🟦

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ делегациясының мүшелеріне елімізде әділетті әрі орнықты мемлекет құруға бағытталған ауқымды реформалар іске асырылып жатқанын айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале