Қарашығанақты кеңейту жобасының 2021-2024 жылдарға жоспарланған алғашқы кезеңінде 5-ші газды қайта айдау компрессоры мен басқа да өндіріс нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Жобаның бұл кезеңінде 970 миллион доллар инвестиция құйылып, 3500-ге жуық адам жұмысқа тартылады.
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Жобаның 2023-2026 жылдарға жоспарланған келесі кезеңінде 6-шы газды кері айдау компрессорының құрылысы жүргізіледі. Бұл кезеңде 735 миллион доллар қаржы жұмсалып, 1300 жаңа жұмыс орны ашылады.
▪️Қарашығанақты кеңейту жобасы сұйық көмірсутегін өндіру деңгейін 46 миллион тоннаға дейін ұлғайтып, Қазақстан Республикасы мен Қарашығанақ жобасының серіктестеріне қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.