9.09.2024, 13:00
Оқылды: 102

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл жөнінде Ақордадан хабарлады.

613AA182-4D2A-4DC6-86DF-E6ADAC714039

Суреттер: Ақорда

Жиында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту шараларын жүзеге асыру мәселелері туралы баяндама жасады.

1DBCC3EF-70A4-4C6B-A097-947F376CF4B1

Қауіпсіздік Кеңесі мемлекеттің әскери әлеуетін арттыруға байланысты ұсынылған тәсілдер және армияны заманауи қарумен, әскери техникамен, соның ішінде отандық қорғаныс кешені кәсіпорындары шығарған өнімдермен жарақтандыру бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

65B6B759-4213-4072-86E0-E4A7497267B4

Жиын соңында Президент – Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға еліміздің әскери ұйымын жетілдіру бағытында бірқатар нақты тапсырма берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале