20.02.2023, 16:16
Оқылды: 14

Мемлекет басшысы Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

 Кездесу барысында Президентке Конституциялық Сот өз жұмысын бастағаны, өкілеттігін жүзеге асыруға кіріскені, сондай-ақ биылғы 1 қаңтардан бері азаматтардан келіп түскен өтініштер жөнінде мәлімет берілді. Бұл туралы akorda.kz жазды. 

kz1-5112-2_mediumThumb

Фото: akorda.kz

Эльвира Азимова конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер мен конституциялық бақылау аясында жоспарланған шаралар туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық іс жүргізудің барлық сатысының ашықтығын және Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі туралы азаматтардың хабардар болуын қамтамасыз етудің, сондай-ақ Ата заңның сақталуына бақылауды күшейтудің маңызды екенін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале