Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметінің қорытындылары және таяу жылдарға арналған жоспары таныстырылды, - деп жазады akorda.kz.
Кездесуде мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалар аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайы талқыланды.