1.06.2025, 9:30
Оқылды: 292

Мемлекет басшысы: «Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

ЖП балалар
– Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын! – деп жазды Президент Х әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале