19.07.2023, 9:00
Оқылды: 12

Мемлекет басшысы Мұхаммед пайғамбар мешітіне зиярат етті

Мемлекет басшысы Мұхаммед пайғамбар мешітіне зиярат етті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_20230719_081126_301

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барудан басталды.

IMG_20230719_080956_125

Мемлекет басшысы Мұхаммед пайғамбардың қабіріне зиярат етіп, дұға жасады. Қазақстан Президентінің келуіне орай оған ерекше құрмет ретінде Пайғамбар жерленген киелі орынның есігі ашылды.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жидда қаласында өтетін «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысады.


zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале