6.03.2026, 16:45
Оқылды: 215

Мемлекет басшысы Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада сөз сөйледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шараға қатысушыларды көктемнің шырайлы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, - деп жазады akorda.kz.

1772792023_DSC_6064_2

– Бұл мейрам – мейірім мен жылулықтың, даналық пен сұлулықтың нышаны. Әйел – тіршіліктің тірегі, берекенің бастауы. Бұл – ақиқат. «Бесікті де, әлемді де тербеткен» әйелдің жүрегі – ізгіліктің мекені. Сондықтан әйелдің қадірі – елдің қадірі деп айтсақ артық болмайды. Бүгін мен Ақорда төрінде Сіздерге және барша Қазақстан әйелдеріне зор ризашылығымды және алғысымды айтамын. Халқымыз қай заманда да анасын ардақтаған, қарындасына қорған болған, қыздарын сыйлап, төрінен орын берген, – деді Мемлекет басшысы.

Президент мерекелік жиында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосып, өз кәсібінде жоғары табысқа жеткен әйелдерді мемлекеттік наградамен марапаттады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың басқосуда сөйлеген сөзінің толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

1772792023_KZ3_1523_2 1772792051_KZ4_2502_2 1772792118_KZ8_5149_2 1772792118_KZ8_5054_2 kz1-2760-2_mediumThumb

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале