15.03.2024, 22:00
Оқылды: 74

Мемлекет басшысының атынан Оралда ауызашар берілді

2022 жылдан бері еліміздегі ауыз бекіткен жандарға ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атынан ауызашар беру дәстүрге айналды. Бүгін Жайық бойын жайлаған ағайынға мемлекет басшысы атынан ауызашар берілді.

IMG_20240315_215223_628

Оған облыстың зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, аймақтың барлық ауданынан еңбек ардагерлері, еңбек адамдары қатысты.

IMG_20240315_215230_668

IMG-20240315-WA0081

- Барлық мақтау мен мадақ Әлемнің, азаматтың Раббысы Алла Тағалаға болсын! Жыл бойы күткен қасиетті Рамазан айына жеттік. Құрметті ағайын баршаңызды қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтаймын. Тілек-ниеттеріңіз қабыл болсын. Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін. Отанымыз аман, жұртымыз тыныш, барша Қазақстан азаматтарының ынтымақ-бірлігі берік болғай, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

IMG_20240315_215211_674

Одан соң БҚО бас имамы Самат Әлібаев жиналған жамағатты рамазан айымен құттықтап, елге амандық, барша адамзатқа амандық тіледі.

IMG_20240315_215245_789

- Биылғы Рамазан амал мерекесіне, әз-наурызға сай келді. Қасиетті рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді күллі мұсылман қауымы асыға күткен мүбәрак рамазан айының келуімен құттықтаймын!

Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Қасиетті айда адам баласы көбірек жақсылық жасап, ізгі амалдарды атқаруға тырысады. Ораза пендені тақуалыққа тәрбиелейді.

Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Жаратушы Иеміз баршамызды оразадан оразаға дейін айдан аман, жылдан есен жақсылықпен жеткізе берсін, - деді бас имам.

IMG_20240315_215221_250

Президент атынан жайылған ауызашар асында ел тарихы, ораза шапағаты жайында салиқалы әңгіме айтылып, ел амандығына дұға бағышталды.

IMG_20240315_215240_110

Түгелбай Бисен,

 zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале