- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «ANA TILI» газетіне берген сұқбатын көріп жатырсыздар. Көп дүние айтылған.
Менде осы сұхбатқа пікір білдіре кетсем, мен үшін маңыздыларының бірі ол – «Таза Қазақстан».
Президенттің экологиялық бастамалары ерекше назар аударуға тұрарлық. «Таза Қазақстан» жобасы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Бұл – тек экологиялық емес, сонымен бірге идеологиялық маңызды реформа.
Менде осы бастама аясында еліміздің тазалығы үшін өз үлесімді қостым. Жалғасын таба берсін. Жаңа жылда Еліміздің қарыштап дамуына тілекшімін.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы су тасқыны кезінде түрлі волонтерлық жұмыстар атқарған жастардың да еңбегін ерекше бағалады. «Күшіміз –Бірлікте» деп ұрандатқан халқымыз бұл қиындықты да жеңе білді. Лайым солай болсын!