3.01.2025, 16:52
Оқылды: 40

«Мемлекет басшысының сұқбатында қоғамдағы ең өзекті мәселелер қозғалды» - Анна Хан

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» сұхбаты шыққан болатын. Сұхбатында Республика аясындағы өзекті мәселелердің басын ашып, түрлі тақырыптағы сауалдарға жауап берді. Соның ішінде өткен жылы болған табиғи апат жөнінде сөз қозғады.

IMG_7241

«Былтырғы тасқын еліміз үшін зор сынақ болды. Мұндай алапат тас­қын Қазақстанда бұрын болмаған. Мемлекет орасан зор қауіптің бетін қайтару үшін шұғыл шаралар қабылдады. Адамдар дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді, олардың уақытша паналайтын орындары әзірленді, материалдық резервті пайдалануға рұқсат берілді. Апаттан құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің ғана емес, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің, Ұлттық ұланның және басқа да құрылымдардың қызметкерлері, жалпы саны 63 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Соның арқасында көптеген азаматты құтқарып, аман сақтап қалдық. Ең бастысы – осы».

Әсілінде, біз үшін ең басты қағида – бір ел, бір халық болып жұдырықтай жұмыла білуіміз. Президент бұйрығымен және елдің ертеңгі үшін аянбай еңбек етер азаматтардың арқасында қандай табиғи апат болса да еңсере алатынымызға бәріміздің көзіміз жетті.

Мәселен, бұл жұмыс аясында біздің де облыс, аудан басшылары, округ еріктілері көмек көрсетуден қалыс қалмады. Апаттың алдын алу барысында бөгеттер құру мен апаттан зардап шеккен отбасыларға әлеуметтік-гуманитарлық көмек көрсетілді. Соның арқасында көптеген қыйрау мен күйреудің алдын алдық. Сонымен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен келген еріктілер де құтқарушыларға жәрдемдесті.

Қарғын судың қарқыны шынымен де осал болмағаны бәрімізге аян. Дегенмен, ынтымағы жарасқан, бірлігі берік ел үшін бұл қиындықтың да басын қайыра білдік.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале