Мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Нәжімеден Есқалиев 82 жасында
дүниеден өтті.
Ол 1966 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітірген.
1966-1972 жылдары Жәнібек ауданындағы «Талов» кеңшарында агроном, 1972-1974 жылдары Жәнібек ауданы ауыл шаруашылық басқармасының бастығы, 1974-1978 жылдары Орал облысы ауыл шаруышылығы басқармасы бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
1978-1980 жылдары Мәскеудегі халық шаруашылық академиясының тындаушысы болды.
Нәжімеден Ихсанұлы Талдықорған облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Орал облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды.
1990 жылдардың басында Батыс Қазақстан және Көкшетау облыстарын басқарған.
Қазақстанның Өзбекстандағы, Тәжікстандағы және Украинадағы елшісі болды.
Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Ғали Есқалиевтің әкесі.
zhakpress.kz