Премьер-Министр Олжас Бектенов төрағалық ететін Комиссия жыл басынан бері 325 млрд теңгеден астам соманың активтерін қайтарған.
Бұл туралы Ұлттық арна хабарлады.
Заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекет кірісіне тағы да 235 млрд теңге өндіруді жоспарлап отыр. Оның 230 млрд-ы ақшалай түрде Қаржы министрлігінің шотына аударылады. Ал қалған сомаға пара-пар жер телімдері, жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың акциялары мен Алматыдағы әкімшілік ғимарат мемлекет меншігіне өтеді.