16.02.2023, 16:45
Оқылды: 58

Мемлекеттік кірістер Комитетінің төрағасы Доктор Таиль Кангпен кездесті

Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер Комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов Дүниежүзілік кедендік ұйым әлеуетін арттыру департаментінің Директоры Доктор Таиль Кангпен кездесті. Бұл туралы қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

a04897507d322d3daf773719a6f3e0ec_1280x720

Фото: gov.kz

Комитет төрағасы Мемлекеттік кірістер комитеті ДКҰ әлеуетті арттыру жөніндегі құралдарын қолдай отырып, Дүниежүзілік кеден ұйымымен ынтымақтастыққа көп көңіл бөлетінін атап өтті.
Доктор Таиль Канг төрағаға кездесу мүмкіндігі үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан ынтымақтастық кезеңінде кедендік әкімшілендіруде айтарлықтай прогреске қол жеткізгенін атап өтті. Оның сөзінше автоматтандырылған процестерді енгізу ұйымға мүше көптеген елдер үшін ең жақсы тәжірибенің мысалы бола алады.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығында виртуалды шындық құралының көмегімен оқыту бойынша жобаны іске қосу рәсімі өтті. Бұл құрал импортталатын контейнерлік жүктерді тексеруді үйретуге арналған.
Сонымен қатар, ашылу салтанатында Комитет төрағасының орынбасары Б. Слямов пен доктор Таиль алғы сөз сөйледі.
Б. Слямов Дүниежүзілік кеден ұйымына, сондай-ақ Кореяның кеден қорына берілген құрал үшін алғысын білдіріп, виртуалды шындық технологияларын пайдалану – қызметкерлерге оқытудың заманауи тәсілін меңгере отырып, болашаққа бастар жарқын жол екенін атап өтті. Білім беру үдерісіндегі инновациялар оқу орталығының жаттықтырушыларына оқытудың заманауи тәсілдерін, әдістері мен модельдерін жасауға мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер Комитеті мен Дүниежүзілік кедендік ұйым арасында қызметтің негізгі мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале