25.07.2023, 12:15
Оқылды: 101

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл –  туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау деген сөз».

image1

Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда «қара қылды қақ жаратын» әділ болулары қажет. Осы орайда Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызметкерлері  –  елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алатын мамандар.

Қазіргідей күрделі кезеңде мемлекет алдында тұрған өзекті шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер екендігін ескерсек, бұл тұрғыда мемлекеттік қызметшілер басқаларға өзінің ісімен, білім-білігімен, тәжірибесімен ғана емес, әділдігімен, қарапайымдылығымен, сабырлығымен, отан сүйгіштігімен, қызметте қажыр-қайратымен және кез келген ортада үлгі болуы керек.

Дәл осындай үлгіге сәйкес, жүрегі мейірімге толы, жаралы жанға қол ұшын созып, өмір сапасын жақсартуға аянбай тер төгіп жүрген жанның бірі – Айдана Бауыржанқызы Жақсылықова.

Айдана Бауыржанқызы – 8 жылдан бері әлеуметтік салада мемлекеттік қызметті атқарып келеді. Қызметі барысында өзін білікті, білімді маман ретінде көрсете білді, облыс тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуге ат салысты.

Осындай әлеуметтік маңызы бар мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған жобалардың бірі – ментальды бұзушылықтары бар мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Өз бетімен тұруды сүйемелдеу үйі». Бұл орталық ментальды бұзушылықтары бар мүгедіктігі бар адамдарды қайта әлеуметтендіруге, еңбек дағдыларын дамытуға, барынша үй жағдайына жақын жағдай жасауға мүмкіндік береді. Өз бетімен тұруды сүйемелдеу үйінің негізгі міндеті – мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіру, олардың тұрмысты, еңбекті, демалыс уақытын  ұйымдастыруда барынша өздігінен жасауды жетілдіру, әлеуметте өзара әрекет етуін барынша қолдау.

Осы жобаны іске асыруда өз үлесін қосқан жандардың бірі –  Айдана Бауыржанқызы. Айдана Бауыржанқызы бұл жобаның тұжырымдамасын жасап, құрылымын,  ережесін, жұмыс жоспарын құруға, қызмет алушыларды іріктеуге қатысты. «Өз бетімен өмір сүруді сүйемелдеу үйінің» қызметкерлерімен бірге орталық жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатында жұмыстанып келеді.

Осы орталықтағы қызмет алушыларды ортаға бейімдеуге, өздігінен өмір сүруіне барлық жағдайды жасаған жандардың бірегейі – Айдана Бауыржанқызы.

 

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале