22.10.2024, 21:00
Оқылды: 104

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары түсіндірілді

Батыс Қазақстан облысының өңірлік кадрлық резерв мүшелеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары түсіндірілді, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2024-10-22 at 17.25.17

Бүгін өңірлік кадрлық резерв мүшелерінің облыстағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департамент басшысы Ә.Сабуров және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент басшысы М.Байсаловпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік рәсімдерді жеңілдету және мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, сондай-ақ әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.

Кездесуді аша отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өңірлік департаментінің басшысы Ә.Сабуров мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен комплаенсті сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік құрылымдардағы ашық және жауапты үдерістерді құрудан басталатынын айтты. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырудың негізі екендігіне ерекше назар аударылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мен комплаенс – бұл сыбайлас жемқорлықпен күресудің ғана тетігі емес, сонымен қатар мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде ашықтық пен жауапкершілікті қамтамасыз ететін маңызды элементтер. Біздің осы саладағы ортақ күш-жігеріміз адал әрі тиімді мемлекеттік аппарат құруға бағытталған», – деді А.Сабуров.

WhatsApp Image 2024-10-22 at 17.25.16

Өз кезегінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің басшысы М.Байсалов мемлекеттік қызметте адами факторды болдырмау, рәсімдерді жеңілдету және азаматтар мен бизнеске түсетін бюрократиялық жүктемені азайту жөніндегі қазіргі бастамалар туралы айтып берді. Ол мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту шешім қабылдау үдерістерін жеделдетуге және мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды міндет екенін атап өтті. Рәсімдерді жеңілдету азаматтарға қолайлы жағдайлар жасауға және мемлекеттік құрылымдардағы ішкі үдерістерді оңтайландыруға бағытталған.

«Ең басты міндет — барлық деңгейдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын жүйе құру. Мұнда кадрларды іріктеу рәсімдерінде адами факторды болдырмау маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қызметке кадр іріктеудің жаңа форматы кәсіби қасиеттерді объективті бағалауға негізделген ашық әрі әділ конкурстық рәсімдерді көздейді. Бұл жеке байланыстарға, ұсыныстарға немесе басқа субъективті факторларға қарамастан, баршаға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді М.Байсалов.

Кездесу барысында өңірлік кадрлық резерв мүшелері басшылармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізу және мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мәселелерін талқылады. Қатысушылар мемлекеттік органдардағы үдерістерді жеңілдету үшін цифрлық шешімдерді енгізудің маңыздылығын да атап өтті.

Кездесу соңында департамент басшылары өңірлік кадрлық резерв мүшелерінің осы бастамаларды іске асыруға белсенді ықпал ететініне және өңірдегі мемлекеттік органдардың дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале