4.10.2024, 17:15
Оқылды: 14

Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысы ескеріле ме?

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы қағидатына негізделеді.

946C3698-1B0A-4E33-B261-4C75B828FB1C

Сурет: freepik.com

Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілерге еңбек заңнамасымен белгіленген күніне сегізтсағаттан, аптасына 40 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты режимі қойылады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жазды.

Дейтұрғанмен, осы бағытта жүргізілген жұмыстар мемлекеттік органдармен аталған талаптардың сақталмайтындығын көрсетті.

Мысалы, жыл басынан жұмыс уақыты режимінің бұзылуының алдын алу және оған жол бермеудің сақталуына мониторинг қорытындысы бойынша 198 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалып, оларға 717 сағат көлемінде тиісті демалыс уақыты ұсынылды. Сондай-ақ, үш мемлекеттік қызметшіге 8 сағат 5 минут үстеме жұмыс атқарғаны үшін 15 558 теңге көлемінде ақы төленді.

Мемлекеттік қызметшілердің белгіленген уақыттан артық жұмыс істеуі үшін арнайы акт жасалуы керек. Бірақ бұл ережені барлығы бірдей біле бермейді. Білсе де басшылықпен арадағы қарым-қатынасты бұзбау үшін үнсіз қалады.

Қызметкерге артылатын қосымша жұмыс тәулігіне екі, жылына 120 сағаттан аспауы тиіс. Әр қосымша жұмыс сағаты үшін маман бір жарым мөлшерлеме көлемінде ақы алуға құқылы.

Егер қызметкердің жұмысқа уақытында келе алмауына дәлелді себебі болса, икемді жұмыс уақытын пайдалануына болады. Аталған мәселелерді шешу үшін агенттік мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтықтан жұмысты, аралас қашықтықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуді қолдану қағидаларын бекітті. Жеңілдікті негізінен кішкентай балалары бар қызметкерлер қолдана алады.

Қазіргі таңда облысымызда икемді жұмыс уақыт режимін 18 қызметші қолданып отыр. Оларға жұмыс берушінің келісімімен икемді жұмыс уақыты белгіленеді. Бұл мүмкіндікті пайдаланған қызметкер де сегіз сағат жұмыс істейді.

Осылайша, аталған заңнамалық өзгерістер мемлекеттік қызметшілердің жеке өмірі мен қызмет мүдделерінің арасында балансты сақтауға мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале