4.10.2024, 18:00
Оқылды: 78

Мемлекеттік қызметтегі меритократия қалай ілгерілейді?

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында еліміздегі мемлекеттік аппараттың ұдайы дамуына көңіл аударып, мемлекеттік қызметке кіру және одан шығу рәсімдерін жеңілдету, бюрократияға жол бермеу, меритократия қағидатын ілгерілетуге қатысты жаңа міндеттер қойды.

ЖП, әкімдік акимат

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтегі қызметін төменгі лауазымнан бастайды, ал олардың одан әрі ілгерілеуі еңбегі мен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, конкурстық және құзыреттері негізінде жүзеге асырылады. Мансаптық ілгерілеу жеңілдетілген тәртіп бойынша ішкі конкурстар арқылы жүзеге асады, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

 

Яғни, меритократия лайықты кадрларды іріктеу және мемлекеттік қызметшілердің жеке жетістіктерін мойындау негізінде оларды әрі қарай кәсіби және мансаптық ілгерілету деген сөз.

Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаментімен кадрлардың жай-күйіне, меритократия қағидаты бойынша оларды тағайындаудың объективтілігі мен ілгерілетуге тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

Осылайша, биылғы жылғы тоғыз ай қорытындысы бойынша облысымыздың жергілікті атқарушы органдарында ішкі конкурс бойынша барлығы 84 оң нәтиже алған үміткерден 62-і ілгеріленді (74%).  

Жалпы қазір мемлекеттік қызметке білімді әрі қабілетті жастарды тарту, сондай-ақ оларды қабілеттеріне және жетістіктеріне қарай меритократия жолымен өсіру қолға алынды.

Мысалы, мемлекеттік органның қажеттілігіне қарай үздіксіз кәсіби дағдыларын дамытып, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын жоғары үлгеріммен аяқтаған түлектерін оқу бітіргеннен кейін бір жыл ішінде өңірлік органдардың бос жекелеген лауазымдарына уәкілетті органның келісімі негізінде тікелей тағайындау мүмкіндігі берілді.  

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшінің жоғары жұмыс тиімділігін көрсетіп, төрт тоқсан қатарынан бағалау нәтижесі тиімді болған кезде ауысу тәртібімен жоғары тұрған лауазымға тағайындала алуы қызметшілерді қосымша талпындырады деп айтуға болады.

Осы тұста меритократия қағидатын сақтау неғұрлым лайықты кадрларды іріктеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ қаржы немесе «байланыстар» емес, жеке сіңірген еңбектерін тану негізінде оларды кәсіби және мансаптық ілгерілетуді қамтамасыз етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале