15.04.2024, 11:48
Оқылды: 55

Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік броньнан шығарылды

"ТЖМ бұйрығына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен Атырау облысының Құлсары қаласынан эвакуацияланған азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған 264 тонна азық-түлік (ұн, макарон, қарақұмық жармасы, ет консервілері және т.б.) броньнан шығарылды", - деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

dc41fb1110f07a2396488cd35654295e_1280x720

Фото: www.gov.kz

Сондай-ақ, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынын жоюға жұмылдырылған 7 мың әскери қызметші үшін 92 тонна азық-түлік броньнан шығарылды.

Бұған дейін Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының қажеттіліктері үшін су тасқынымен күресуге мемлекеттік материалдық резервтен арнайы және инженерлік техникалар, төсек-орын жабдықтары, мотопомпалар, далалық асүйлер және т. б. броньнан шығарылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале