8.10.2024, 12:00
Оқылды: 60

Мемлекеттік өнер музейінде Айжан Бекқұлованың жеке көрмесі ашылды

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қазақстандық суретші, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Қолөнершілер одағының төрағасы Айжан Бекқұлованың 70 жылдық мерейтойына арналған «Тамаша адамдар өмірі» атты жеке көрмесі ашылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_7887

Суреттер:

Көрмеде Айжан Бекқұлованың 1990-шы жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін жасаған жүзден астам туындысы ұсынылған.

IMG_7886

IMG_7885
Ретроспективалық экспозицияда тоқыма, киіз басу, қасиетті қуыршақтар, зергерлік әшекейлер, этникалық киімдер, сондай-ақ металдан, керамикадан, ағаштан және киізден жасалған, басқа шеберлермен және суретшілермен бірлесіп жасалған жұмыстар ұсынылған. Экспозиция қараша айының 5-не дейін жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале