4.09.2023, 14:30
Оқылды: 47

Мемлекеттік орган қызметкерлері кәсіптік стандарттарды әзірлеу бойынша оқытылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалық офисі Career Enbek цифрлық платформасында кәсіптік стандарттарды әзірлеу бойынша семинарлар өткізді, онда орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының 100-ден астам өкілі оқытылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

604147E0-8180-480E-8353-E34CCC0C6B8A

Семинарларда қатысушыларға кәсіптік стандарттар құрылымында болған өзгерістер мен оларды әзірлеу және онлайн режимде Career Enbek цифрлық платформасында кәсіптік стандарттарды өзектендіру мүмкіндіктері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Платформа Ұлттық біліктілік жүйесінің (бұдан әрі – ҰБЖ) барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол біліктілік пен дағдыларды бағалау және тану процестерін автоматтандыруға, сондай-ақ ҰБЖ базалық құралдары туралы ақпаратқа халықтың еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған.

Семинарға қатысушылар цифрлық платформада кәсіптік стандарттарды толтыру үшін макетпен жұмыс істеу үдерісімен танысып, Career Enbek-те жұмыс істеудің практикалық дағдыларын игерді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале