ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық жағдайы қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына қол астындағы жұмысшыларының 80% -ын қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру ұсынылды, деп хабарлады Премьер-министрдің сайты.
Сондай-ақ облыс әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторинг топтарының жұмысын күшейтуді, талаптарды орындамаған объектілердің анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше қызметін уақытша тоқтату бойынша нақты шаралар қабылдауды қолға алуы қажет.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер