2024 жылдың алғашқы алты айында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің 240 дерегі тіркеліп, 94 адам жауапқа тартылған. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Сурет: pixabay.com
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің мәліметінше, жалпы сомасы 7 млрд теңгеден аса валютаны шетел асырудың 780 дерегі анықталған.
Бүгінде шекарамызда 100-ден аса өткізу пункті жұмыс істейді. Оның ішінде авиациялық, теңіз, өзен, теміржол, автомобиль сияқты түрлері бар.
Күн сайын 10 мыңға жуық сарбаз жауынгерлік кезекшілікке шығады.