Қари дегеніміз кімдер?
18 Мамыр 2022

Қари дегеніміз кімдер?

Аудандық сотта заңдық фактілер талқыланды
18 Мамыр 2022

Аудандық сотта заңдық фактілер талқыланды

Былтырғы ана өліміне қатысты фактілер тексеріліп жатыр
18 Мамыр 2022

Былтырғы ана өліміне қатысты фактілер тексеріліп жатыр

Президенттің эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру туралы тапсырмасы орындалды - Ғиният
18 Мамыр 2022

Президенттің эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру туралы тапсырмасы орындалды - Ғиният

Қазақстанда ақша мен мүлікті жылыстату фактілерінің саны күрт өсті
18 Мамыр 2022

Қазақстанда ақша мен мүлікті жылыстату фактілерінің саны күрт өсті

Суретші Сағидолла
18 Мамыр 2022

Суретші Сағидолла

Мемлекеттік тілге қоғамның сұранысы артып келеді – Ақпарат министрі

Мемлекеттік тілге деген қоғамның сұранысы артып келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының мақсатын түсіндіру кезінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.

3

Министрдің айтуынша, бірінші бағыт - Елбасының бағдарламалық мақаласында қамтылған идеялардың «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ары қарай ілгерілету. Осы орайда мемлдекеттік тілді дамыту міндеті жекелей белгіленген.

«Жалпы, осы блок бойынша 38 жоба жоспарланған. Олардың түпкі мақсаты - ұлттың шығармашылық әрі зияткерлік әлеуетін қолдау мен дамыту. Бұл бағыттың екінші маңызды міндеті – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Өйткені, «ұлтты сақтау» дегеніміздің өзі – тілді сақтап, дамыту екені белгілі. Мемлекет басшысы қазақ тілінің болашақта – ұлтаралық тілге айналатынына сенім білдіргенін білесіздер. Оған бүгінде барлық негіз бар. Мемлекеттік тілге деген қоғамның сұранысы артып келеді. Бұл – уақыт талабы», - деді А. Балаева.

Осы орайда ол бұл мәселеде бірқатар ауқымды жоба қарастырылып отырғанын жеткізді.

«Атап айтқанда, мемлекеттік тілді оқыту бойынша инновациялық ІТ-өнімдер әзірлеу, танымал анимациялық және танымдық арналарды қазақшалау, орта білім берудің тілге қатысты бағдарламаларына өзгерістер енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін қазақ тіліндегі оқулықтар әзірлеу сияқты жүйелі іс-шаралар бар. Бір сөзбен айтқанда, мақсатымыз – қоғамдағы қазақтілді ортаны барынша кейейту, оны тұрмыста ғана емес, ғылым мен білімнің, бизнес пен әлеуметтің тіліне айналдыру», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, А.Балаева «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының негізгі мақсатын айтты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале