8.02.2021, 15:01
Оқылды: 37

Мен көрген Мұқағали

Қазақ өлеңінің хас шебері Мұқағали Мақатаевтың жолы Орал өңіріне екі рет қана түскен еді. 1968 жылдың қоңыр күзінде Алматыдан ақындар Хамит Ерғалиев, Берқайыр Аманшин, Мұқағали Мақатаев келіп, бірден Жымпиты (қазір Сырым), Қаратөбе аудандары бағытына жүріп кетті. Оларға Оралдан сол кездегі жас ақын Жанғали Набиуллин қосылды. Бір газетте ақындарға мен ілесті деп жазылып кеткенін оқығаным бар. Бұл жаңсақ жазылған жайт. Дәл сол шамада А.С.Пушкин атындағы Орал пединститутын тәмамдаған мен «Орал өңірі» газетіне кіші әдеби қызметкер болып жұмысқа жаңа-жаңа кірісе бастаған едім. Сол жолы Мұқағали ақынды жөнді көре де алмадым.

C7CED9E8-75E0-452F-A206-4432CC54185B

1972 жылдың қазан айы болатын. Жұмысқа ертелеу келіп, баспахана бояуының иісі әлі кетіп үлгермеген газетті оқуға кірістім. Бір уақытта дәліздегі тақтай еденді сықырлата басып, салмағы әжептәуір ауыр адам келе жатты. Біздің арамызда жоқ кісі, кім де болса. Есігі ашық тұрған біздің кабинетке бір ірі тұлғалы адам кірді. Мойылдай қара шашы кейін қайырылған, бидай өңді, толық бетті, келісті кісі екен.

Мезгіл күз  болса да, костюмшең, плащы жоқ үстінде. Нұсқаған орындыққа жайғасып, байыпты сәлемдесті. Бір жерде көрген адамым сияқты, бірақ есіме түсіре алар емеспін. Ол кісінің өзі қолын созды бірінші болып.

– Мұқағали Мақатаев деген ағаңыз боламын, – деді аса ашық дауыспен.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №11 санынан оқи аласыздар.

Айтқали Нәріков,

ақын,

Орал қаласының құрметті азаматы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале