7.10.2021, 20:19
Оқылды: 118

«Менің Отаным – қазақ елі»

Орал қаласындағы Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында дәл осындай атаумен зияткерлік байқауы өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шарада өңіріміздегі өзге ұлт өкілі болып табылатын студент жастар команда құрып, сынға түсті.

36B15062-8ECA-4C58-80AE-BE7F75D11BD4

Бауқауды ашқан облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Ғаниева іс-шараның мақсаты мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңіту, тіл мәдениетін көтеру, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту екенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Орал және Ақсай қалаларындағы оқу орындарының студенттерінен құралған 6 команда әуелі үй тапсырмасын орындау бойынша додаға түсті. Яғни олар «Тәуелсіздік – тұғырым!» тақырыбында өздерін бейнеролик арқылы таныстырды. «Ойтаным» аталымы аясында жазып келген эсселерін әділқазылар алқасы бағалады. Содан соң болған «Елтаным», «Сөзжұмбақ», «Сөзмерген», «Шабыт жұлдызы» атты кезеңдері де тартысты өтті.

561E2538-27CF-42BE-9409-C469C936EDA9

Нәтижесінде М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың студенттерінен құралған «Бірлік» тобы үздік деп танылып, арнайы диплом мен 60 мың теңгенің серификатын иеленді. «Бөрлі жастары» мен «Тіл жанашырларына» 2-орын бұйырып, 40 мың теңгенің сертификаттарын алды. ҚазИИТУ студентерінен құралған «Тәуелсіздік ұландары» және М.Өтемісов атындағы БҚУ студенттерінен жасақталған «Тіл мұра» топтары үштікті түйіндеп, 30 мың теңгені еншіледі.

Мәди Ықылас,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале