9.06.2023, 18:48
Оқылды: 54

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Отбасы – мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. Қоғамның негізін қалаушы құрылым қаншалықты мықты болса, келешек ұрпақ балалардың да өмірі қуатты болады.

WhatsApp Image 2023-06-09 at 16.19.38

Бүгінде Орал қаласында, өнегелі құндылықтарды жаңартуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін тарату мақсатында, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы - 2023» ұлттық байқауының қалалық кезеңі өтті.   Өткізілген байқауға барлығы 12 отбасы қатысты. Қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов шараға қатысып, байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.

– Осымен 9 жыл қатарынан қала деңгейінде «Мерейлі отбасы» байқауын өткізіп келеміз. Бізден шыққан отбасылар облыстық, республикалық деңгейде қала намысын қорғап жүр. Биылғы қатысушыларға да сәттілік тілеймін, – деп Мирболат Нұржанов жеңімпаздарды құттықтады.

WhatsApp Image 2023-06-09 at 16.19.39

Өткізілген байқауда бас жүлдені Сүлеймендер отбасы еншіледі. І орынды  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Утебаевтар отбасы иеленсе, ІІ орынға Октябровтар отбасы лайық деп танылды. Жолымбетовтер отбасы мен Спиридиновтар отбасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Өз кезегінде жеңімпаз отбасылардың мүшерелі өз әсерлерімен бөлісіп, осындай шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

WhatsApp Image 2023-06-09 at 16.19.39 (1)

-Қазақ ежелден бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ұл - қызының қайрымды, көпшіл болып өсуіне мән берген. Осы іс-шараны ұйымдастырған қала әкімдігіне өз алғысымды білдіремін. Осындай шаралардың жас отбасыларға берері көп, - деді сайысқа қатысушы, Ұлттық ұлан офицері полковник Ғалымжан Утебаев.

WhatsApp Image 2023-06-09 at 16.19.39 (2)

Айта кетейік, іс-шараның жалғасы облыс деңгейінде өткізіледі. Оған осы сайыстың  Бас жүлде және І орын иегерлері қатысатын болады.

 

Ертуған Әубакир, 

Капитан

zhaikpress.kz  

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале