Дегенмен хабарламада айтылғандай, облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда кезекші халыққа қызмет көрсету және мамандандырылған орталықтар 24 қазан күні 09.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді.
«Сондай-ақ, 22 қазан жұмыс күні болып бекітілгенін еске саламыз. Бұл күні орталықтар клиенттерді сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды. 26 қазаннан бастап азаматтар мемлекеттік қызметтерді әдеттегі жұмыс кестесі бойынша ала алады», - дейді ведомстводан.