30.12.2021, 17:30
Оқылды: 236

Мереке күндеріндегі ХҚО-ның жұмыс кестесі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының  Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы облыс тұрғындарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды және мереке күндері ХҚО мен автоХҚО-лар 1,2, 3, 4 және 7 қаңтарда жұмыс істемейтінін хабарлайды. 5 және 6 қаңтарда барлық ХҚО-лар штаттық режимде 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

WhatsApp Image 2021-12-30 at 15.25.11

Мемлекеттік корпорация қызметтердің 93% - ы онлайн тәсілмен қолжетімді екенін еске салады. Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді egov.kz порталы, egov mobile қосымшасы, @kenes1414bot телеграм-боты арқылы ала алады.

Сондай-ақ, азаматтарға 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, бөлімдердің жұмыс кестесін және қажетті құжаттар пакетін алдын ала білуге кеңес береміз.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Батыс Қазақстан облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале