25.11.2024, 16:00
Оқылды: 14

Мерекелік рәсім: БҚО-да 400-ден астам жұп некесін салтанатты жағдайда тіркеді

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап салтанатты түрде 409 жұп үйленді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы. Некеге тұрған әрбір жетінші жұп салтанатты рәсімді таңдады.

7142fe57-e86a-42b0-9c1e-5ea4e0b67ca8

«Салтанатты рәсім неке сарайында өткізілетінін атап өтеміз. Ғимаратта жабдықталған зал, сондай-ақ қалыңдық пен күйеу жігітке арналған бөлек бөлме бар. Мереке атмосферасын жанды музыка толықтырады. Неке куәлігін алғаннан кейін қонақтар шағын фуршетте дәм татып, осы ерекше күннің маңызды сәттерін бейнелеу үшін кәсіби фотографтың қызметін пайдалана алады.

Айта кетсек, салтанатты неке қию рәсімін көбіне 20-35 жас аралығындағы ерлі-зайыптылар қолдайды. 35 жастан асқан адамдар бұл сәтті ғашық жандардың жеке мерекесі деп есептейді және некені қарапайым жағдайда тіркеуді қалайды», - делінген хабарламада.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» филиалының ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 2 792 неке тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға төмен.

Естеріңізге сала кетейік, некені тіркеуге өтінішті азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы және екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларында беруге болады. Өтінішті қарау мерзімі 15 күнтізбелік күнді құрайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале