1.02.2018, 11:43
Оқылды: 38

БҚО-да мерзімі өткен берешек өзге өңірлерге қарағанда төмен

Өткен жылы өңірдегі банктердің филиалдарымен 228,2 млрд. теңге шамасында несиелер берілген. Бұл 2016 жылғы несиелеу көрсеткішімен салыстырғанда 49,6%-ға артық.  Бұл туралы Ұлттық банктің Батыс Қазақстан филиалында өткен баспасөз мәслихатында аталмыш филиал директоры Қозыбақ  Құлбарақов айтты.

Оның айтуынша, ұлттық валютада берілген несиелер 49,6%-ға, ал шетел валютасында берілгені 45,3%-ға азайған. Жеке тұлғаларға 103,3 млрд. теңге, заңды тұлғаларға 124,9 млрд. теңге көлемінде несие рәсімделген. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, 64,6%-ға және 39,0%-ға көп.

-2018 жылдың 1 қаңтарына несие бойынша берешектің жалпы шамасы 223,8 млрд. теңгені құрады және өткен жылғы сәйкес мерзімдегі көрсеткіштен 12,8%-ға артық. Жеке тұлғалардың несиелік берешегі 126,9 млрд. теңгені құрап, 22,3%-ға өсті, заңды тұлғалар бойынша 96,9 млрд. теңгені құрап, 2,4%-ға көбейді. Ал азаматтарға тұрғын үй салуға және баспана сатып алуға берілген несие бойынша берешек 38,9 млрд. теңге құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 26,7%-ға көп, тұтыну мақсатына берілген несиелік берешек 23,0%-ға өсіп, 73,7 млрд. теңге құрады, - деді Қозыбақ Құлбарақов.

Мерзімі өткен берешегі бар несиелердің үлес салмағы банктер филиалдарының қарыз портфелінің 4,4%-ын құрады. Алайда директордың айтуына сүйенсек, 2018 жылдың 1 қаңтарына несие бойынша мерзімі өткен берешек 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,2%-ға төмендеген.

-Мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлес салмағы банктер филиалдарының қарыз портфелінің 4,4%-ын құрады. Біздің облыс бойынша мерзімі өткен берешек бойынша  республикада ең төмен көрсеткішке ие және ол 10,3 миллиард теңгені құрайды. Республика бойынша мерзімі өткен несие көрсеткіші 9,5%, Маңғыстау облысында 7%, Атырау өңірінде 9,2%, Ақтөбе облысында 7,8%. Осының өзі өңір тұрғындары мен кәсіпкерлердің өзге облыс тұрғындарына қарағанда қаржылық жағынан тәртіптілігін көрсетеді, - деді Қозыбақ Құл2018 жылдың 1 қаңтарына жағдай бойынша банктер филиалдарындағы салымдар бойынша қалдықтар 2017 жылғы 1 қаңтарымен салыстырғанда 9,5%-ға өсті және 207,4 млрд. теңгеге дейін жетті. Жеке тұлғалардың депозиттері 17,2%-ға ұлғайса, заңды тұлғалар бойынша - 24,8%-ға төмендеді.

Депозит нарығына тоқталар болсақ, 2018 жылдың 1 қаңтарына облыстағы депозиттер бойынша жеке тұлғалардың үлесі 87,4%, ал заңды тұлғалардың үлесі 12,6% болды. Соның ішінде ұлттық валютадағы салымдардың үлесі 60,7% немесе 126,0 млрд. теңгені, шетел валютасында 39,3%-ды немесе 81,4 млрд. теңгені құрады. Жаңа жыл басындағы есеп бойынша банктер филиалдарындағы салымдардағы қалдықтар 2017 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткішпен салыстырғанда 9,5%-ға өсіп, 207,4 млрд. теңгеге дейін жетті. Жеке тұлғалардың депозиттері 17,2%-ға ұлғайса, заңды тұлғалар бойынша  24,8%-ға төмендеп отыр. Ұлттық банк филиалы директорының айтуынша, халықтың ұлттық валютадағы депозиттерге деген сенімі нығая түскен.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале