29.09.2022, 11:30
Оқылды: 219

Мигранттардың жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары күшейтілмек

БҚО-да "109" нөмірі арқылы үйді жалға берушілер мен мигранттарға консультация беріледі. Бұл туралы бүгін БҚО әкімі Ғали Есқалиев өткізген Ресей мен БҚО шекарасындағы мәселеге қатысты жиында айтылды. Жиынға жауапты саланың басшылары түгел қатысты.

WhatsApp Image 2022-09-29 at 11.08.41
Облыс әкімі Ғали Есқалиев бірінші кезекте жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, жалға берілетін үйлерді заңдастыруды және Ресейлік азаматтарды міндетті түрде есепке алуды тапсырды.
Жиналысқа облыстық полиция департаментінің басшылығы және Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры қатысты.
Аймақ басшысы "Ресейлік азаматтарды қабылдайтындар үш күн ішінде миграциялық полицияға хабарлауы тиіс" деп атап өтті.
Бұдан бөлек жергілікті халықтың қауіпсіздігі мен құқығы, мигранттардың жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстарын күшейтуді облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовке жүктеді.

Жиында аймақ басшысы жалға заңсыз берілетін тұрғын үйлерді кірістер департаментімен бірлесіп, заңдастыруды тапсырды. Және кірістер департаменті бұл істе тек айыппұлмен шектелмей жалға берушілерге кеңес өткізуді ұйымдастыру керек деді.
Жергілікті халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігі басты орында деген облыс әкімі полиция департаментіне күшейтілген режимге көшуді және қауіпсіздікке қатысты жұмысты ширатуды тапсырды.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале