Миллионнан аса қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын салдырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 28 сәуірдегі жағдай бойынша вакцинаның алғашқы дозасын 1 016 809 адам алған.
Екінші компонентін - 205 188 адам.
Бірінші және екінші компонентті салдырғандар саны бойынша Алматы көш бастап тұр.
Tengrinews.kz