6.09.2021, 17:08
Оқылды: 41

Міндет – айқын, мақсат – ортақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алдағы кезеңге арналған мемлекет дамуының негізгі стратегиясын айқындап берді.

111111

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған бастамаларын жариялады.

Ең біріншіден, мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасы, оның ішінде мемлекеттік қаржыны жұмсау және оны бақылау тәртібіне үлкен мән берілді. Ұлттық қордан бөлінетін қаражат, одан кейін бюджеттен әр түрлі бағдарламаларға берілетін қаражаттың барлығын бақылау және оны тиімді басқаруға байланысты жаңа бастама айтылды. Екіншіден, цифрлық үкіметтің жаңа архитектурасын құру жайы сөз болды.

Сондай-ақ, Жолдауда мемлекет басшысы кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыру мақсатында мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін "Кәсіпкерлік негіздері" пәнін енгізу қажеттігін атап өтті.

Қазіргі нарықтық қоғамда бұл, әрине, шынымен де қажет оқу пәні болады. Себебі білім саласы бір орында тұрмауы керек. Бұдан әрі, мемлекет басшысы әскерде жастар жұмысшы мамандығын алуға тиіс екенін атап өтті. Менің ойымша, бұл жастар арасындағы жұмыс мәселесін шешіп қана қоймай, әскерге шақыруға деген ынтаны арттыруға көмектеседі.

Тағы бір маңызды бастама қарапайым халық пен әскери қызметшілер арасында әлеуметтік қорғауды күшейтуге арналған мәселелер блогына ерекше үн қосты. Бұл ретте азаматтар әлі күнге дейін жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге және басқа да маңызды қажеттіліктерге пайдалана алатыны қуантады.

Әсіресе, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап елдегі ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500-ден 60 мың теңгеге дейін ұлғайтуы. Бұл әлеуметтік қолдау ұландық әскери қызметшілерін де айналып өтпеді. Айта кету керек, 2021-2023 жылдар аралығында офицерлердің жалақысы 70%-ға, ал келісімшарттық қызметтегі әскери қызметшілердің жалақысы 60%-ға өседі.

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 100 мектеп салу туралы тапсырма қойған болатын. Ал осы Жолдауда еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1000 мектеп салуға тапсырма берді, бұл да болса еліміздің алға қарай өркендеуінің белгісі.

Сонымен қатар, Президент қорғаныс қабілетін нығайту қажеттілігіне ерекше назар аударады. Қауіп-қатерлерге ден қоюдың жеделдігін арттыру да мемлекеттік маңызы бар басымдық болуға тиіс. Ол Ауғанстанда күрт өзгерген әскери-саяси жағдайға байланысты туындап отырған сын-қатерлерге алаңдаушылық білдірді.

Осыған орай, мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен Әскери доктринасын қайта жүктеу міндетін қойды. Біздің әлеуетті құрылымдарымыздың барлық тиісті бөлімшелері сырттан келетін сын-қатерлер мен қауіптерге жауап беруге  дайын болуы тиіс.

Өз кезегінде Ұлттық ұлан жауынгерлері әрқашан қылмысқа қатаң тосқауыл қоюға, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, елдегі тиісті құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға және қамтамасыз етуге қабілетті қуатты мемлекеттік жүйе ретінде әрекет етті және әрекет етеді.

Сондықтан, біздің 5517 әскери бөлімінің "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері өз еңбегін жоғары жауынгерлік әзірлікпен, қызметтік-жауынгерлік міндеттерді табысты орындаумен, өз міндеттерін адал орындай отырып, алдағы уақытта да адал абыроймен өз әскери борышын атқаратынына сенімдімін.

 

                               Сағындық Алқайдаров,

5517 әскери бөлімінің командирі

подполковник

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале