28.02.2022, 18:00
Оқылды: 102

Министр денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық деректері туралы айтты

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық деректері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

IMG-20220228-WA0055

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Президент "СҚ-Фармация" базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшіруді тапсырғанын еске салды.

"Осыған байланысты өңірлер қажеттілігіне талдау жүргізіліп, нормативтік база мен ақпараттық жүйелер пысықталады. Бұдан әрі қаржыландыру көздерін айқындай отырып, 2025 жылға дейін басым бағыттар бойынша медициналық техникамен жарақтандыру бағдарламасы бекітіледі. Ведомствоның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің тексерісі барысында медициналық жабдықты сатып алу бюджет қаражатын жымқыру көздерінің бірі ретінде көрсетіледі", - деді министр алқа отырысында.

Ғинияттың айтуынша, жалпы 2021 жылы 71 қылмыстық құқық бұзу дерегі анықталған.

"Сыбайлас жемқорлық деректерінің негізгі үлесі - ақша жымқыру, пара алу, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану. Сонымен қатар, медициналық жәрдемақы төлеуге бөлінген бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуы байқалады. Мониторинг топтарының жұмысында заңбұзушылықтар анықталды. Жалған екпе төлқұжаттарын беру фактілері анықталды. Ең көп заң бұзу дерегі Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Түркістан, Алматы, Ақмола және Қостанай облыстарында анықталды", - деп қосты Ажар Ғиният.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале