19.10.2022, 16:15
Оқылды: 120

Министр электр тарифін 590 мың теңгеден 885 мың теңгеге дейін өсіруді ұсынды

Электр энергиясы нарығына инвестиция көптеп тарту үшін қолданыстағы тарифті 1 МВт үшін айына 590 мың теңгеден 885 мың теңгеге дейін ұлғайту қажет. ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында осындай мәселе көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

221018100555435e

«Энергия кәсіпорындары жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін инфляция деңгейіне индекстеуді көздейтін болжамды тарифтік саясат талап етіледі. Бүгінгі таңда электр қуаты нарығы шеңберінде салаға салынған инвестицияны қайтаруға жұмсалатын қаражат көлеміне лимит белгіленді. Қазір лимит 32 млрд теңгеге тең және 100 млрд теңгеге ұлғайтуды қажет етеді. Сондай-ақ, инвестиция ағынын қамтамасыз ету үшін электр қуаты нарығындағы қолданыстағы тарифті айына 1 МВт үшін қазіргі 590 мың теңгеден 885 мың теңгеге дейін ұлғайту қажет», - деді Болат Ақшолақов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале