Мектепте қандай жағдайда оқушыға телефон ұстауға тыйым салынады? Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, балаларға мұндай тыйым ата-аналардан келген шағымдардың нәтижесінде қалыптасып отыр. Министр мәжілісте арнайы заңның қаралып жатқанын атап өтті.
- Бұл - сабақ барысында ғана мұғалімнің рұқсатынсыз смартфон пайдалануға болмайтынын туралы заң. Кейін сабақ біткен соң одан тыс уақытта ата-анасына хабарласып, мән-жайын айтса болады. Бұл тек қана сабақ барысына енгізілетін шектеу деп қабылдауымыз керек, - деді Бейсембаев.