5.12.2023, 14:45
Оқылды: 62

Министр неге оқушыларға смартфон ұстауға тыйым салынатынын түсіндірді

Мектепте қандай жағдайда оқушыға телефон ұстауға тыйым салынады? Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

1dbf0a50-c63c-4b53-8509-871ea0e9040b

 - Мектеп негізінен сапалы білім мен сапалы тәрбие беруі керек. Сондықтанда бала сабақтың барысында мұғалімнің беріп жатқан материалын толық меңгеріп, өзінің білімін шыңдау...(қажет). Әрине бүгінгі таңда біздің балаларымызда осы смартфондардың алаңдататыны белгілі, - деді Оқу-ағарту министрі үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, балаларға мұндай тыйым ата-аналардан келген шағымдардың нәтижесінде қалыптасып отыр. Министр мәжілісте арнайы заңның қаралып жатқанын атап өтті.

- Бұл - сабақ барысында ғана мұғалімнің рұқсатынсыз смартфон пайдалануға болмайтынын туралы заң. Кейін сабақ біткен соң одан тыс уақытта ата-анасына хабарласып, мән-жайын айтса болады. Бұл тек қана сабақ барысына енгізілетін шектеу деп қабылдауымыз керек, - деді Бейсембаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале