28.11.2022, 11:45
Оқылды: 36

Министрлер мен депутаттардың телефондары тыңдалған

Грекияның Ұлттық барлау қызметі (EYP) министрлердің, департаменттердің бас хатшылары мен басқа да мемлекеттік қызметкерлердің телефондарын тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022_11_28_crop-18_2_400x600_fotojet-4

Тыңдалған адамдардың аты-жөнін жергілікті оппозициялық БАҚ жариялаған.

Заңсыз Predator бағдарламалық жасақтамасының көмегімен үкімет өкілі Иоаннис Иконому, білім министрі Ники Керамеос, ПАСОК депутаты Андреас Ловердос, экономикалық прокуратураның басшысы Кристос Бардакис, прокурор Василики Влаху, EYP кураторы болып тағайындалған, Грекияның бұрынғы полиция басшысы және Азаматтарды қорғау министрлігінің қазіргі Бас хатшысы Михалис Карамалакис, Парламент Бас хатшысы Йоргос Милонакис және оның әйелі, елдегі басқа да белгілі саясаткерлер, журналистер, университет оқытушылары, БАҚ өкілдерінің телефондары тыңдалған.

Бұған дейін 5 қарашада дәл осныдай 33 адамның тізімі жарияланған еді. Тізімде бұрынғы премьер-министр Антонис Самарас, сыртқы істер министрі Никос Дендиас, даму және инвестициялар министрі Адонис Джорджадис, туризм министрі Василис Кикилиас, қорғаныс министрінің орынбасары Никос Хардалиас, қаржы министрі Кристос Стайкурас және басқа да көптеген саясаткерлердің есімдері болды.

Ал 13 қарашада заңсыз тыңдалған 38 адамның екінші тізімі жарияланды, оның ішінде премьер-министр Кириакос Мицотакис пен оның әйелінің серіктестері, достары, сондай-ақ министрлер, әскери қызметкерлер мен журналистер де бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале