15.08.2023, 17:30
Оқылды: 5

«Мишкопад» акциясы: барлық ойыншық иесін тапты

«Ақжайық» футбол клубы мен жанкүйерлері ұйымдастырған «Мишкопад» акциясында түскен барлық ойыншық өз иесін тапты.

WhatsApp Image 2023-08-15 at 17.18.03

Жуырда команда ойыншысы Әділет Болатов «Шаңырақ» жасөспірімдер үйіне барып, ол жердегі балаларға ойыншықтарды үлестірді.
Қайырымдылық акциясының берері мол екенін айтқан жасөспірімдер үйінің директоры Өмірбай Қалымбетов футболшыларға ризашылығын білдірді.

- «Ақжайық» футбол клубы біздің мекемеге әрдайым қолдау көрсетеді. Осыған дейін ойыншылар мен бапкерлер құрамы біздегі мұқтаж отбасыларды қажетті азық-түлікпен қамтыды. Енді балаларға ойыншық сыйлап жатыр. Акцияға атсалысқан әр жанкүйерге, ұйымдастырған футбол клубына алғысымыз шексіз, - дейді «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің директоры Өмірбай Қалымбетов.

Күтпеген сыйға ие болған жасөспірімдер үйінің кішкентай тұрғындары командаға алғысын білдірді.
Сондай-ақ акция аясында түскен ойыншықтардың бір бөлігі «Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына» жеткізілді.
- Біздің мекемені ұмытпай, қолдауын көрсеткен футбол клубына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Енді біздің қызмет алушылар «Ақжайыққа» жанкүйерлік етеді, - деді мекеме директоры Самат Хангереев.

Естеріңізге сала кетейік бұған дейін «Мишкопад» акциясында түскен ойыншықтардың алғашқы легі «Зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығына» жеткізілген-ді.

Түгелбай Бисен,

zhaikpess.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале