Осыған дейін Зашаған кентіндегі М.Мөңкеұлы көшесі 108/5 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде жылу беру тоқтатылып, бірнеше пәтердің тұрғындары жылусыз қалғанын жазған болатынбыз.
Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, қосымша көтергіш сорғы іске қосылып, үйдің күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізуші «Сити 07» ЖК жылу беруді қалпына келтіру үшін жұмыстар жүргізді.
Қазіргі уақытта барлық қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, тұрғын үйге жылу берілді.
Айта кетейік, М.Мөңкеұлы көшесіндегі 108/5 мекенжайында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйде 180 пәтер бар.
Аталған үй 2019 жылы пайдалануға берілді.
zhaikpress.kz