9.07.2026, 15:15
Оқылды: 15

«Мөлдір бұлақ» акциясы: еліміздің 12 өңірінде су көздері тазартылады

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылып жатқан «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын жалғастыруда. Игі бастама табиғи су көздерін қорғауға, олардың экологиялық жағдайын жақсартуға және халықтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

1200x700_clBFIhRfaaKuZ8oCNuyFbc4kSXeeZ7QIIWFDSHQi

Акция аясында бұлақтар мен өзге де су нысандары қоқыстан тазартылып, айналасы абаттандырылады. Сонымен қатар су көздерінің тазалығын сақтау және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Экологиялық акцияның екінші кезеңі 11 шілде күні еліміздің 12 өңірінде – Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында өтеді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұл күні 58 бұлақ пен 33 су нысанын тазарту жоспарланған. Іс-шараларға 10 мыңнан астам адамның қатысуы күтілуде. Олардың қатарында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері мен еріктілер бар.

«Мөлдір бұлақ» акциясы табиғи су көздерін сақтауға ғана емес, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтарды қоршаған ортаны қорғау ісіне кеңінен тартуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале