3.09.2021, 12:03
Оқылды: 41

Моңғолияда коронавируспен ауырғандардың антирекорды тіркелді

ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналға сілтеме жасай отырып, әлемдегі коронавирусқа байланысты қалыптасқан ахуалға шолу жасайды.

 ммм

Сан-Маринода вакцинация нәтижелері бойынша «Спутник V» тиімділігі 95% құрады. Сан-Марино «Спутник V» вакцинасын ұлттық портфельге енгізу арқылы коронавирусты жеңіп, шектеулерді алып тастаған алғашқы Еуропа мемлекеті болды.

Елдің ересек халқының 70%-дан астамы ресейлік препаратпен егілді. Ғалымдар коронавирустың мутация жылдамдығының жоғарылағанын тіркеді. Зерттеу мақаласы Genome Biology and Evolution ғылыми журналында жарияланды.

Жаңа зерттеу нәтижелері COVID-19 таралу жылдамдығын бағалауға, сондай-ақ вакциналардың әсерін болдырмау үшін патоген қолданатын механизмді түсінуге көмектеседі. Моңғолияда коронавируспен ауыратын науқастардың күнделікті өсімі бойынша антирекорд тіркелді - 3 805 жағдай анықталды.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, тамыздың соңында әлемде коронавирустың таралу қарқыны үш айлық жоғары деңгейге келді, ал Оңтүстік-Шығыс Азияда пандемия кезінде ауру тіркелімдері рекордтық көрсеткіштерге жетті.


inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале