4.12.2025, 11:30
Оқылды: 22

«Мұқағали» журналына – 20 жыл: Ұлттық кітапханада мерейтойлық кеш өтті

Қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың есімімен аталған республикалық әдеби-мәдени және танымдық «Мұқағали» журналының жарық көре бастағанына биыл 20 жыл толды. Осы айтулы датаға орай ҚР Ұлттық кітапханасында «Мұқағалитанудың қайнар көзі» атты қаламгерлер мен оқырман қауымға арналған мерейтойлық кеш өтті. Шараға елдің рухани ортасында жүрген бірқатар тұлғалар қатысты.

588384827_18029080442769358_8643359831887123646_n
Олардың қатарында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ақын-драматург, мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев, журналдың алғашқы бас редакторы, жазушы Батық Мәжитұлы, Қазақстанның халық жазушысы Смағұл Елубаев, қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай, ақын әрі композитор Сағатбек Медеубекұлы және өзге де танымал қаламгерлер болды.

587814408_18029080415769358_1312965083765300904_n
Мұқағалимен бірге Қазақ радиосында дикторлық қызмет атқарған Бақытжан Атакелдиевтің оқыған жырлары кештің көркем болмысын тереңдете түсті. Сондай-ақ ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев пен келіні Бақыткүл Айдарова журнал ұжымына жүрекжарды ықыластарын білдіріп, ақ тілектерін жеткізді.
Мерейтой құрметіне белгілі әнші, «Құрмет» орденінің иегері Сұлушаш Нұрмағамбетова ақын «Саржайлау» әнін орындап, кештің сәнін кіргізді.
Шара соңында «Мұқағали» журналының қазіргі бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Дүйсен Мағлұмов басылымның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақтағы жоспарларына тоқталып, оқырманға қызмет етуді жалғастыра беретінін айтты.

587481138_18029080424769358_1911679432829011238_n
Ұлттық кітапханада өткен бұл мерейтой зиялы қауым, ақын-жазушылар, мәдениет және БАҚ өкілдерінің басын қосып, «Мұқағали» журналының ел руханиятындағы орны мен миссиясын тағы бір мәрте айғақтаған ерекше кеш ретінде есте қалды.

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале