21.01.2019, 15:40
Оқылды: 27

«Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергі болмауы тиіс»

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қоғамдық көлік қаншалықты қолайлы? Оларға талапқа сай қызмет көрсетіліп жүр ме? Осы мәселеге қатысты «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында арнайы рейд жүргізілді.

 nur otan (3)

Жайық өзені жағалауы аялдамасынан басталған рейд жұмысы барысында арбаға таңылған кембағал жандар қоғамдық көлікпен қатынауда кедергілерге тап болатындығына көз жеткіздік.

-Орал қаласындағы қоғамдық көліктер мүмкіндігі шектеулі жандар мен қол арбаға баласын салған аналар үшін көп жағдайда қолайлы емес. Өйткені арнайы көтерілу жолағы болмаса, автобусқа мінудің өзі мұң. Жүргізушілердің өздері қол арбаны автобусқа бекітуді біле бермейді. Жолаушылар тасымалын ұйымдастыратын мекеме басшылары жүргізушілерді мүмкіндігі шектеулі жандарға құрметпен қарауды, олардың автобусқа мінуіне мүмкіндік жасауды үйретсе екен дейміз. Десе де қалаішілік №5, №35 бағытындағы кей автобустарға зағип, мүмкіндігі шектеулі жандар міне алады. Тұрғындар да қолдан келген көмегін көрсетіп жатады. Осындай тексеріс жұмыстары жиі ұйымдастырылса, нәтиже жақсы боларына сенемін,- дейді қала тұрғыны Мөлдір Нұрымова.

         «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының бөлім кеңесшісі Азамат Нысанбаев айтуынша, рейд барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына жағдай жасалмаған қоғамдық көліктер анықталмақ. Нәтижесінде жолаушылар тасымалымен айналысатын сол автобус паркінің қожайындарына арнайы хат жолданбақ.

nur otan (4)

Гүлсезім Ерболатқызы,

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале