5.10.2017, 17:08
Оқылды: 23

Мұнай консорциумы мен Алматы компаниялары 5 млрд. теңгеге келісімшарттарға қол қойды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов бастаған делегация «Almaty Invest-2017» халықаралық инвестициялық форумы аясында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекпен кездесті, деп хабарлады БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тараптар тауарлар мен қызметтердің импорттың орнын алмастыру саласындағы аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Сондай-ақ 28 елден 500-ден астам қатысушысы жинаған форумда «Карашығанақ Петролеум Оперейтинг» (КПО) мұнай консорциумы мен «Schneider Electric», «KazSpo-N» және «Bureau Veritas» компаниялары келісімшарттар жасады. Келісімшарт Қазақстанда бұрын тек шет елде жасалынатын отқа төзімді өнеркәсіптік киімді, модульді электрлік станциясын, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысындағы машина құрылысы заводының АРІ және ASME халықаралық стандарттарына сәйкес сертификаттауды бағамдайды. Келісімдердің жалпы сомасы шамамен 15 миллион АҚШ долларына жетеді.

zhaikpress.kz


Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале