Алматыдан 45 шақырым жерде жыл сайын мамырда алматылықтар мен туристер баратын жер бар. Мұнда модельдер мен блогерлер фотосессия жасайды. Ал әлеуметтік желілердегі "гүлдер алқабы" хэштегімен белгіленіп салынған фотолар бұл күндері кеңінен танымал болып жатыр. Бұл жерге Tengrinews.kz сайтының фототілшісі де барып, ғажайып сұлулықты суретке түсіріп келген еді.
Көлікпен гүлдер алқабына жетуге бір сағаттай уақыт кетеді.
Ол Алматы – Қорғас бағытының бойында орналасқан.
Фототілшіміз алқапқа барған уақытта ауа райы ашық, 25 градус болған.
Бір сағат бойы егістік маңында ондаған адам жүрген.
Біреулер өтіп бара жатып бес минутқа тоқтаған.
Біреулер мұндай ерекше сұлулықты тамашалау үшін қаладан әдейі келген. Көптеген алматылық үшін мұндай фотосессия дәстүрге айналып барады. Бірақ мұндай жерге фотоға түсуге алғаш рет келгендер де бар.
Фототілшіміз керемет романтикалық көріністі кездейсоқ түсіріп алды.
Жас жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасады.
Гүлдер алқабына келгендердің ішінде қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де болды.
Онда Оңтүстік Кореядан келген бір топ туристтер барған екен. Олар жабдықтарын алып, бұл сапарға мұқият дайындалған.Қонақтар көре салысымен эмоцияларын жасырмады.
Фото: Әлихан Сариев. Мәтінін жазған: Анастасия Солнцева