19.05.2023, 16:30
Оқылды: 283

Мұны көру үшін шетелден туристер келеді. Алматыдан 45 шақырым жерде не бар?

Алматыдан 45 шақырым жерде жыл сайын мамырда алматылықтар мен туристер баратын жер бар. Мұнда модельдер мен блогерлер фотосессия жасайды. Ал әлеуметтік желілердегі "гүлдер алқабы" хэштегімен белгіленіп салынған фотолар бұл күндері кеңінен танымал болып жатыр. Бұл жерге Tengrinews.kz сайтының фототілшісі де барып, ғажайып сұлулықты суретке түсіріп келген еді.

photo_4901

Көлікпен гүлдер алқабына жетуге бір сағаттай уақыт кетеді.

Ол Алматы – Қорғас бағытының бойында орналасқан.

Фототілшіміз алқапқа барған уақытта ауа райы ашық, 25 градус болған.

e7b118547e1209a03a7e4129fe4a619b

Бір сағат бойы егістік маңында ондаған адам жүрген.

Біреулер өтіп бара жатып бес минутқа тоқтаған.

Біреулер мұндай ерекше сұлулықты тамашалау үшін қаладан әдейі келген. Көптеген алматылық үшін мұндай фотосессия дәстүрге айналып барады. Бірақ мұндай жерге фотоға түсуге алғаш рет келгендер де бар.

8d4f75482bb8f2d2d8f41b9df60c6886

Фототілшіміз керемет романтикалық көріністі кездейсоқ түсіріп алды.

Жас жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасады.

Гүлдер алқабына келгендердің ішінде қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де болды.

91e04e42cb65bde46ca5b77390b916f6

Онда Оңтүстік Кореядан келген бір топ туристтер барған екен. Олар жабдықтарын алып, бұл сапарға мұқият дайындалған.Қонақтар көре салысымен эмоцияларын жасырмады.

Фото: Әлихан Сариев. Мәтінін жазған: Анастасия Солнцева 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале