5.03.2025, 17:38
Оқылды: 237

Мұрат Байсалов: «Жұмыс кестесі сақталмаған мемлекеттік органдардағы 5 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды»

Бүгін біз өңіріміздегі мемлекеттік қызметшілер мен қызмет алушылардың құқықтарын қорғау мәселесін талқылаймыз. Біздің сұхбаттасушымыз – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО-дағы департаментінің басшысы Мұрат Байсалов.

мурат байсалов

Қазақстан заңнамасында мемлекеттік қызметшілердің қандай негізгі құқықтары қарастырылған?

- Мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары Конституцияда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңда және Еңбек кодексінде бекітілген. Оларға тұрақты жұмыспен қамтылу, лайықты еңбек жағдайлары, әлеуметтік кепілдіктер, негізсіз жұмыстан шығарудан және кемсітушіліктен қорғау құқығы кіреді.

Сонымен қатар, олардың еңбек құқықтарын сот және арнайы комиссиялар арқылы қорғау тетіктері қарастырылған.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауда қандай негізгі проблемалар бар?

- Негізгі проблемалардың бірі – заңсыз жауапкершілікке тарту бойынша шағымданудың күрделілігі. Кейбір жағдайларда шешімдер субъективті түрде қабылданып, қызметкер әлсіз позицияда қалады.

Сонымен бірге, аталған жағдайларды азайту мақсатында Департаментпен тұрақты негізде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялатының жұмысына мониторинг жүргізіледі.

Осылайша, осы бағыттағы жұмыстың нәтижесінде 17 мемлекеттік қызметшіге заңнама талаптары сақталмай қолданылған тәртіптік жазалардың күштері жойылып, олардың бұзылған заңды құқықтары қалпына келтірілді.

Жиі кездесетін бұзушылықтар мен сақталмайтын талаптарға кететін болсам, ол қызметшіден түсініктеме талап ету мерізмідері мен тәртібінің сақталмауы, тәртіптік іс материалдарымен таныстырмау, тәртіптік комиссияның отырысы туралы хабарламау және т.с.с.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғау, оның ішінде уақытылы іссапар шығындарын өтеу және демалыс төлемдерін жүргізуге қатысты мәселелер де бар.

Заңнаманың талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері бонустарды төлеуге негіз болады, сондай-ақ еңбек демалысына шыққан кезде қызметшіге тиісті төлемдер уақытылы төленуі қажет.

Департаментпен 25 мемлекеттік қызметшіге негізсіз 6,7 млн. теңге көлемінде төленбеген бонустарды төлеу қамтамасыз етілді, еңбек демалысы ақы төлеу мерзімдері бұзылғаны үшін тиісті 106 мемлекеттік қызметшіге 188 мың теңге көлемінде өсімпұлдар төленді.

Облыстағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде іссапар шығындарын уақытылы төлемеген 77 мемлекеттік қызметшіге тиісті 4,7 млн. теңге көлемінде төлемдер жүргізілді.

Соған қоса өзекті мәселелердің бірі мемлекеттік қызметшілердің жұмыс кестесінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Осылайша Департаменттің бастамасымен жұмыс кестесі сақталмаған мемлекеттік органдардың 5 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға тиісті ұсыныстар енгізіліп, 202 мемлекеттік қызметшіге қосымша демалыс уақыты ұсынылды.

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселесіне де ерекше назар аударылады. Осы бағытта қандай жұмыс атқарылып жатыр?

- Қазіргі таңда қызметтердің ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді азайту басым міндеттердің бірі. Осы мақсатта цифрлық технологияларды енгізу және процестерді автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мемлекеттік қызмет ең алдымен қоғамға қызмет ету дегенді білдіреді. Біз тек мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғап қана қоймай, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасына деген сенімді арттыруға тырысамыз.

Департаментке қызмет алушылардан келіп түскен 35 шағым бойынша келтірілген дәлелдері расталды. Қабылданған шаралар нәтижелері бойынша олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Мысалы, бір кәсіпкерге жер учаскесіне құқықтарды беруден негізсіз бас тартқан. Осы орайда қызмет алушы бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін Департаментке шағымданды.

Тексеру нәтижесінде шағымданушының уәждері расталып негізсіз бас тартуға жол бергені үшін жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылып, қызмет алушыға тиесілі жер учаскесін беруге оң шешім қабылданды.

Департаментпен қашықтан мониторинг жүргізу бағытында «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік көрсетілетін қызмттердің мерзімі бұзушылықтары мен негіссіз бас тартуларды алдын алу мақсатында қашықтан бақылау жұмысы жалғасып жатыр.

Аталған бағыттағы жұмыстың нәтижесінде 5 989 заң бұзушылық анықталып, олар бойынша кінәлі тұлғалар тиісті жауапкершіліктерге тартылды.

Пайдалы ақпараттарыңыз үшін көп рахмет! Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мәселесі жақсарады деп үміттенеміз.

- Рахмет! Ең бастысы – заңнаманы жетілдіру және оның орындалуын қадағалау. Сонда ғана мемлекеттік қызмет әділ әрі тиімді бола алады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале