11.07.2025, 15:00
Оқылды: 448

Мұратбек Мұхамбедиев: “Жайық жүйрігінде” жаңалық көп

Кеше Батыс Қазақстан облыстық “Бәйге” федерациясының Президенті Мұратбек Мұхамбедиев федерация басшысы ретінде бірінші ресми отырысын өткізді. Жиынға аудандардан келген өкілдер мен федерацияның жаңа мүшелері қатысты. Айта кетейік, бүгінгі күні федерацияның бірқатар мүшелері ауысты, төрешілік құрам жаңарды.

Жаңа құрам жұмысқа кірісті

Кешегі отырыста БҚО “Бәйге” федерациясының Президенті Мұратбек Мұхамбедиев федерацияның жаңа құрамын таныстырды.
Осыған дейін Президент қызметін атқарған Сатқали Байзуллин Мұратбек Қайырсапаұлының ұсынысымен вице-президент болып тағайындалды.

image-11-07-25-12-06
Вице-президент лауазымын иеленгендер қатарында Қуантай Шарипов пен Асыланбек Рахметов бар. Бас жаттықтырушы Ақылбек Ищанов, бас хатшы Нұржан Мағзомов қызметтерін атқара береді.
Отырыста алдағы уақытта өтетін бәйге жарыстары жария етіліп, дайындықтар пысықталды. Мұратбек Мұхамбедиевтің айтуынша, жаз айларының соңынан бастап Орал өңірінде дүлдүлдер дүбірі қайта басталады.
Бүгінгі күні федерацияға Сырым, Шыңғырлау, Теректі, Бөрлі және Қаратөбе аудандары бәйге өткізуге ұсыныс берген.
Сондай-ақ, 12 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің тікелей қолдауымен, қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен Оралда “Жайық жүйрігі - 2025” бәйге түрлерінен облыстық ашық чемпионаты өтеді.
Жаңа Президент дәстүрлі доданың биылғы жаңалықтарымен таныстырды:
⁃ Жаңалық сол, биыл “Жайық жүйрігі” бәйгесінде ұлы аламанның бірінші жүлдесіне пәтер тігіледі.
Сондай-ақ, биыл Оралда “Жайық жүйрігі” чемпионатында ұшқыр бәйгеден жарыс өтеді. Дубайды дүбірлеткен Кабирханның әріптестерін, жебедей жылдам жүйріктерді жерлестеріміз көзбен көреді. Бастысы бәйгелер федерация жарғысына сай, қатаң тәртіппен өтуі тиіс. Төрешілік құрамға жүктелетін жауапкершілік мол - деді Мұратбек Қайырсапаұлы.

image-11-07-25-12-06 (1)
Жиында аудандардан бәйге үйірмелерін ашу мәселесі де сөз болды.
Отырыстан кейін қонақасы болды. Дастархан басында федерацияның жаңа мүшелері мен бұрынғы құрамы әріптестік аясын талқылады. Құрметті жиынға бәйге жанашырлары да шақырылды.

Бауыржан Ширмединұлы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале